ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЕЛЖАН БІРТАНОВ МАҚАТ АУДАНЫНА САПАРМЕН БАРДЫ

IMG 20190312 WA0084 Жаңалықтар
IMG 20190312 WA0084

Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл. Бүгін Мақат ауданына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келді. Медицина нысандарының жұмысымен танысқан министр бірқатар міндеттер жүктеді. 
Мақат аудандық орталық ауруханасының директоры Батырбек Саламатұлы учаскелік дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін қосымша учаскелер ашылғанын айтады.

«Бұрын 2500 тұрғынға бір дәрігер қызмет көрсетсе, енді 1700 тұрғынға бір маманнан келеді. Сонда да, дәрігер тапшылығы сезіледі. Осы көктем мен жазда келетін дәрігерлерге келсім-шарт жасалып, 3-4 жалпы практикалық дәрігерлер мен хирургтар келеді деп күтілуде. Оларға Доссор ауылынан екі жаңа қызметтік пәтер қарастырылған. Былтыр соңғы талапқа сай германиялық сандық рентген және УЗИ аппараттары алынды. Бұдан басқа да көптеген құралдар, соның ішінде, реанимациялық аппараттар да беріліп жатыр. Қазір аудан бойынша 2 жедел жәрдем бригадасы 27 мың тұрғынға қызмет көрсетуде. Бірі Доссор, екіншісі Мақат елдімекендерінде» деді дәрігер Atr.kz-ге берген сұхбатында.
Еске сала кетелік, бүгін Атырауға ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация келді. Жұмысшы топтың құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Бекболатұлы бар. 
Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз