Экология министрлігі балық өнімдерін бақылайтын ақпараттық жүйе енгізбек

200227171516607e Жаңалықтар

Atr.kz/29 ақпан, 2020 жыл.  Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту үшін арнайы ақпараттық жүйе енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Атырау қаласында Қазақстан Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен балық шаруашылығын дамыту жөніндегі кеңесте Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның Telegram-ына сілтеме жасап.

«Министрлік өзінің алдына мынадай міндеттер қойып отыр. Біріншіден, түрлі мəліметтер бойынша, 100-190 мың тонна болатын көлеңкелі айналымды азайту үшін балық өнімдерінің ақпараттық бақылану жүйесін енгізу қажет», – деді М.Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, балық өнімін көлеңкеден шығару салық көлемін 40 млрд теңгеге дейін арттырады. Бұл жүйені енгізу Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігімен бірге іске асырылады. Экология министрлігі басшысы, сонымен қатар, браконьерлікпен күрестің тиімділігін арттыру мəселесін көтерді. Оның пікірінше, браконьерліктің ауқымын азайтуға едəуір ықпал ететін осы қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдатқан қылмыстық заңнамаға енгізілген түзетулермен бірге заманауи техникалық құралдарды да пайдалану қажет.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/e-r-i-k-t-i-bolu-erlikpen-teң/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз